Мұхтар Әуезов атындағыОңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Б.Тлеулов қонақ дәрісін өткізді.

    1 / 3

    Мұхтар Әуезов атындағыОңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Шымкент қалалық адвокаттар алқасының адвокаты Тлеулов Болатбек Эрнстович Заң факультетінің 3-курс студенттерінедропперлік мәселесіне арналған қонақ дәрісін өткізді.

    Іс-шара Шымкент қаласының Әділет департаментініңбастамасымен, Шымкент қалалық адвокаттар алқасы мен университеттің заң факультетінің қолдауыменұйымдастырылды.

    Дропперлік алаяқтардың өзгенің банк картасын немесешотын заңсыз қаражатты қабылдау, аудару не қолма-қолақшаға айналдыру үшін пайдаланатын схемасы. «Картаңдыуақытша бере тұр», «Ақшаны қабылдап, әрі қарай аударсаңжеткілікті», «Оңай табыс табасың» деген ұсыныстардыңартында қылмыстық әрекет тұруы мүмкін.

    Бұл мәселе студент жастар үшін ерекше өзекті. Қосымша табыс табуға ұмтылған жас адам күмәндіұсынысқа сеніп, қылмыстық схемаға тартылуы мүмкін. Мұндай әрекеттің салдары қаржылық шығынменшектелмей, қылмыстық жауаптылыққа және болашақ кәсібижоспарлардың бұзылуына әкелуі ықтимал.
    Банк картаңызды, мобильді банкингке кіру деректерінжәне SMS-кодтарды бөгде адамдарға бермеңіз. Сыйақы үшінкүмәнді ақша аударымдарына келіспеңіз!

    Болашақ заңгерлер үшін құқықтық сауаттылық өзқауіпсіздігін қорғаудың ғана емес, қоғам алдындағы кәсібижауапкершіліктің де негізі.
    Сіздің шотыңыз Сіздің жауапкершілігіңіз. Болашағыңызды қорғаңыз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шымкент қаласының Әділет департаменті" жаңалықтары