Шымкент қаласының Әділет департаменті

    Департамент туралы

    Әділет департаменті өзiнiң құзыретiне жатқызылған қызмет саласында басшылықты, сондай-ақ заңнамада көзделген шекте салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Алимент өндіруге бағытталған қандай шаралар қолданылады.

    Жауап

    Алимент бойынша қарыз берешегі бар болған жағдайда сот орындаушы борышкерге қатысты келесі мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдайды: 1.Мүлікке, оның ішінде ақша қаражаттары мен банк шоттарға тыйым салу; 2.Қазақстан Республикасынан шығуға шектеу; 3.Көлік жүргізу куәлігі және басқа да арнайы құқық мен рұқсаттардың қолданысын уақытша тоқтату; 4.Мүліктіктің тізімдемесін жасау; 5.Сот актісінің талаптарын орындамағаны үшін борышкерді әкімшілік, қылмыстық жауапкершілікке тарту; 6.Бар болған жағдайда борышкердің мүлкінен өндіріп алу; Сонымен қатар, сот орындаушылар жұмыссыз борышкерледі жұмыспен қату шараларды қабылдайды.

    Сұрақ

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен (ББТ) мәліметтерді кім және қандай мерзімде өшіреді.

    Жауап

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен (ББТ) мәліметтерді уәкілетті органның тиісті аумақтық органы – Әділет депаратменттерімен үш жұмыс күн мерзімге дейін жойылады.

    Сұрақ

    Борышкерлердіңбірыңғай тізілімінен (ББТ) қалай мәліметтерді жоюға болады.

    Жауап

    Борышкерлердің бірыңғай тізілімінен мәліметтерді жою үшін атқарушылық іс жүргізу бойынша қарыз берешегін толық өтеу қажет. Сонымен қатар, Борышкерлердің бірыңығай тізілімінен мәліметтер атқарушылық құжаттың күші жойылған, атқару құжатының мәжбүрлеп орындатуға ұсыну мерзімі өткен жағдайларда жойылады.

    Сұрақ

    Банк шотына тыйым салу туралы ақпаратты қайдан білсем болады?

    Жауап

    Сіз өзіңіздің шотыңызға салынған тыйымдарды бірнеше жолмен біле аласыз: • атқарушылық іс жүргізу органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі арқылы www.aisoip.adilet.gov.kz . • банкке хабарласып, қандай құжат негізінде тыйым салынғандығын нақтылау. • жеке сот орындаушыларының аймақтық палаталары арқылы.

    Сұрақ

    Борышкерді алдын ала хабардар етпей мүлкіне тыйым салуға болады ма?

    Жауап

    Ия, Қазақстан Республикасының «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Заңының 27-бабында көзделгендей, атқарушылық құжат дереу орындалуға жататын жағдайларда, сондай-ақ мүлікке тыйым салу және өзге де қамтамасыз ету шараларын қабылдау кезінде сот орындаушысы атқарушылық әрекеттер жасауға және атқарушылық іс жүргізуге қатысушыларды бұл туралы алдын ала хабардар етпей, мәжбүрлеп орындату шараларын қабылдауға құқылы. Бұл мүлікті жасырудың алдын алу және сот шешімін орындауды қамтамасыз ету үшін қажет.

    Сұрақ

    Авторлық құқықты тіркеудің қандай артықшылығы бар?

    Жауап

    Авторлық құқықты тіркеудің қандай артықшылығы бар? Тіркеусіз де қорғалады, бірақ куәлік үлкен дәлел күші береді. Артықшылықтары: Авторлыққұқықтыңнақтыдәлелі — даудажеңілболады. Соттақұқықиесін тез анықтауғакөмектеседі. Коммерциялау (сату, лицензиялау) кезіндесенімділікбереді. Плагиат, ұрлықжағдайындаөтемақыталапетужеңілдейді. Автор ретіндересмимойындалады. Құқықтардымұрагерліккеқалдыруоңай.

    Бұйрық

    2026 ЖЫЛДЫҢ IV- ТОҚСАНЫНДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ МЕН ОНЫҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

    2026 ЖЫЛДЫҢ IV- ТОҚСАНЫНДАҒЫ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫ МЕН ОНЫҢ ОРЫНБАСАРЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАРДЫ ЖӘНЕ ЗАҢДЫ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ӨКІЛДЕРІН ЖЕКЕ ҚАБЫЛДАУ КЕСТЕСІ

    Жарияланды:
    Жоспар

    Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша анықталған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлайс жемқорлық тәуелкелдеріне ұшырайтын лауазымдар тізілімі

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жалақыны кешіктіргені үшін өтемақы талап ете аламын ба?

    Иә, талап ете аласыз. Еңбек кодексіне сәйкес, егер жалақы жұмыс берушінің кінәсінен уақытында төленбесе, оған Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі негізінде есептелетін өсімпұл (тұрақсыздық айыбы) қосылады. Бұл талапты сотқа беретін арызыңызға міндетті түрде қосып жазу керек.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жұмыстан шыққан кездегі есеп айырысу мерзімі қандай?

    Еңбек кодексінің 96-бабына сәйкес, қызметкер еңбек шарты тоқтатылған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей толық есеп айырысуы тиіс. Бұл мерзім бұзылса, жұмыс берушіге айыппұл салынады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Жұмыс беруші жалақымды бермесе, не істеуім керек?

    Бұл сұраққа жауап ретінде мынадай қадамдық алгоритмді қолданыңыз: Ресми талап хат (претензия): Алдымен жұмыс берушіге жазбаша талап хат жіберіңіз. Оны кеңсеге тапсырып, көшірмесіне «қабылданды» деген белгі қойдырыңыз немесе пошта арқылы хабарламасы бар хатпен жіберіңіз. Бұл — соттағы ең маңызды дәлел. Еңбек инспекциясының тексеруі: Арызыңыз негізінде инспектор компанияға жоспардан тыс тексеру жүргізеді. Егер заң бұзушылық расталса, жұмыс берушіге жалақыны төлеу туралы міндетті нұсқама беріледі. Сот арқылы өндіру: Егер нұсқама орындалмаса, сотқа «жалақыны мәжбүрлеп өндіріп алу» туралы талап арыз беріңіз. Сот шешімі шыққаннан кейін, сот орындаушылары жұмыс берушінің банк шоттарын бұғаттап, қарызды мәжбүрлеп өндіріп алады. Өсімпұл талап ету: Сотқа берген талап арызыңызға міндетті түрде «тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлетуді» қосып жазыңыз. Еңбек кодексі бойынша, кешіктірілген әрбір күн үшін жұмыс беруші базалық мөлшерлеме негізінде үстеме ақы төлеуге міндетті.

    Жарияланды: