Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу университетінде Заң клиникасы аясында «Цифрлық нотариат: eGov Mobile қосымшасы арқылы онлайн нотариаттық іс-әрекеттерді жүзеге асыру тәртібі және олардың түрлері» тақырыбында құқықтық-түсіндіру дәрісі өтті.
Дәрісті нотариус Дүйсекова Тансықой жүргізіп, студенттерге нотариат саласындағы цифрлық қызметтердің мүмкіндіктері, оларды пайдалану тәртібі және нотариаттық іс-әрекеттерді қашықтан жүзеге асырудың құқықтық ерекшеліктері туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында eGov Mobile мобильді қосымшасындағы «Цифрлық нотариат» сервисі арқылы сенімхаттарды онлайн рәсімдеу, нотариаттық келісімдерді куәландыру, некеде тұрмайтыны туралы өтініштерді куәландыру және нотариустың онлайн консультациясын алу мүмкіндіктері түсіндірілді.
Сонымен қатар нотариаттық іс-әрекеттердің түрлері, электрондық құжаттардың заңдық күші, азаматтардың жеке басын биометриялық сәйкестендіру арқылы растау, нотариуспен бейнебайланыс орнату және цифрлық құжаттардың түпнұсқалығын тексеру тәртібі кеңінен қарастырылды.
Дәріс барысында студенттер нотариат саласындағы заманауи цифрлық технологиялардың артықшылықтарымен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жастардың құқықтық және цифрлық сауаттылығын арттыру, нотариаттық қызметтердің қолжетімділігін түсіндіру және мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта пайдалану мәдениетін қалыптастыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









