Шымкент қаласының Әділет департаменті мен Еңбекші ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен Базарқақпа тұрғын алабында «Тегін заң көмегі күні» акциясы өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтарға білікті құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға жәрдемдесу.
Акцияға Шымкент қаласының Әділет департаменті, Еңбекші ауданы әкімдігі, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, прокуратура, полиция органдарының, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, энергетика және инфрақұрылымды дамыту, цифрландыру, жер қатынастары басқармаларының, сондай-ақ «Шымкент қаласының Азаматтық бастамасы» үкіметтік емес ұйымы мен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында тұрғындардың жер қатынастары, әлеуметтік қамсыздандыру, атқарушылық іс жүргізу және өзге де құқықтық мәселелер бойынша өтініштері мен сұрақтары қаралды. Сала мамандары азаматтарға қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес түсіндірмелер беріп, тиісті консультациялық көмек көрсетті.
Мұндай іс-шаралар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, мемлекеттік органдар мен азаматтар арасындағы өзара байланысты нығайтуға және құқықтық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









