2026 жылғы 10 қарашада Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті департаменті басшысының орынбасары – Әдеп жөніндегі уәкілі У.Б.Бейсембаев ұжыммен аппараттық кеңес өткізді. Кеңес барысында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Әдеп жөніндегі кеңесінің мемлекеттік қызметшілерді әкімшілік жауаптылыққа тарту, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілердегі мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілеріне қатысты жарияланымдарға мониторинг жүргізу мәселелері бойынша ұсынымдары қаралды. 2026 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша жүргізілген мониторинг нәтижесінде Департамент қызметкерлері тарапынан жоғарыда аталған бұзушылықтар анықталған жоқ.Сонымен қатар, Әдеп жөніндегі уәкіл Департамент қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасының талаптарын мүлтіксіз сақтау қажеттігін ескертті.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









