2026 жылғы 5 қарашада мемлекеттік еңбек инспекторлары Саутова Г.М. мен Таушкеев С.С. «Мемлекеттік аннуитеттік компания» ӨСК» АҚ облыстық филиалының директоры Нугербекова А.А.-мен бірлесіп, Зеренді ауданына жұмыс сапарымен барды.
Аудан әкімдігінің ғимаратында жергілікті жұмыс берушілермен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Кездесудің негізгі тақырыбы қызметкерлерді еңбек міндеттерін атқару кезінде жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру шарттарын жасасу қажеттілігі болды.
Жиын барысында қатысушыларға заңнамада көзделген жауапкершілік, сондай-ақ сақтандыру талаптары, төлемдерді жүзеге асыру тәртібі және әлеуметтік қорғаудың осы тетігінің артықшылықтары туралы ақпарат берілді.
Осындай профилактикалық және ақпараттық іс-шаралар заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз етуге және қызметкерлердің заңды еңбек құқықтарын қорғауға бағытталған.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









