Салафизм және өзге де деструктивті діни ағымдардың ықпалын төмендету жөніндегі идеологиялық жұмысты іске асыру аясында 2026 жылғы 5 қарашада «ҚР ЕХӘҚМ Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті» РММ-нің Әдеп жөніндегі уәкілі Бейсембаев У.Б. және шақырылған Ақмола облысының Дін істері басқармасының бас маманы Ільясов Е.Ж. мекеме қызметкерлерімен профилактикалық әңгіме өткізді.
Кездесу барысында діни бірлестіктердің қызметін реттейтін заңнама нормалары, дін саласындағы заңнама талаптарын бұза отырып қызмет жүзеге асырғаны үшін жауапкершілік, сондай-ақ діни әдебиеттер мен діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды тарату тәртібі түсіндірілді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін идеяларды тарататын діни ағымдардың қызметінің алдын алу және қолданыстағы заңнама талаптарын сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









