Қызметкерлер — Шымкент қаласының Әділет департаменті

    Шымкент қаласының Әділет департаменті басшылығы мен қызметкерлері: лауазымдар, өмірбаяндар және жарияланған байланыс деректері.

    Басшылық

    3
    Исабекова Айнур Акжигитовна
    Басқарма басшысы

    Исабекова Айнур Акжигитовна

    Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысы

    Исабекова Айнур Акжигитовна 02.09.1981 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкері мен мұғалім ата-анасының отбасында дүниеге келген.

    Зияткерлік меншік құқығы
    Мухтаров Мейрам Махсутович
    Басшының орынбасары

    Мухтаров Мейрам Махсутович

    Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары

    Мухтаров Мейрам Махсутович 16.03.1991 жылы ОҚО Мақтарал ауданында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, әскери міндетті. 2009 жылы Оңтістік Қазақстан "Фемида" колледжін құқықтану мамандығы бойынша, 2012 жылы Қазтұтыну одағының Қарағанды экономикалық университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек қызметі: 17.05.2010 - 02.10.2013 жж. Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының ісжүргізушісі, Шымкент қ.; 03.10.2013 - 25.02.2014 жж. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі ОҚО Сот актілерін орындау департаментінің жетекші маманы, Шымкент қ.; 25.02.2014 - 25.11.2014 жж. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі ОҚО Сот актілерін орындау департаментінің бас маманы, Шымкент қ.; 25.11.2014 - 22.05.2017 жж. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі ОҚО Әділет департаментінің Сарыағаш ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімі филиалының сот орындаушысы, Сарыағаш қ.; 22.05.2017 - 31.07.2018 жж. ОҚО Әділет департаменті Шымкент қаласы Абай ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің басшысы-аға сот орындаушысы, Шымкент қ.; 01.08.2018 - 09.04.2019 жж. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Шымкент қаласының Әділет департаменті Абай ауданының аумақтық сот орындаушылар бөлімінің аға сот орындаушысы, Шымкент қ.; 20.01.2020 - 08.07.2026 жж. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігі Шымкент қаласының Әділет департаменті атқарушылық құжаттарды орындау жөніндегі бөлімі-филиалының аға сот орындаушысы, Шымкент қ.; 09.07.2026ж. - қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары.

    Сот актілерін орындауАтқарушылық құжаттарды орындау
    Акимбеков Даурен Даулетович
    Басшының орынбасары

    Акимбеков Даурен Даулетович

    Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары, Әдеп жөніндегі уәкіл

    Акимбеков Дарен Даулетович 19.05.1979 жылы Жетісу облысында дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы, әскери міндетті. 2000 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін құқықтану мамандығы бойынша бітірген. Еңбек қызметі : 17.04.2000-24.10.2002 жж. Алматы қаласы Медеу аудандық Ішкі істер басқармасының тергеушісі; 24.04.2003-28.08.2006 жж. Алматы облысы бойынша Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қылмысқа қарсы күрес департаментінің Қаржы экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу бойынша басқармасының инспекторы; 28.08.2006-18.05.2007 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Павлодар облысы Әділет департаментінің жетекші маманы; 18.05.2007-28.11.2014 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Павлодар облысы Әділет департаментінің Павлодар қаласы Әділет басқармасының бастығы; 28.11.2014-31.12.2019 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Павлодар облысы Әділет департаменті Павлодар қаласы Әділет басқармасының басшысы; 31.12.2019-27.01.2020 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Павлодар облысының Әділет департаменті тіркеу қызметі саласындағы әдістемелік қамтамасыз ету және бақылау бөлімінің басшысы; 27.01.2020-26.01.2026 жж. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Алматы облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары; 27.01.2026-қазіргі уақытқа дейін Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысының орынбасары.

    Заң консультанттары қызметіАдвокаттық қызметНотариаттық қызметЗаңды тұлғаларды тiркеу

    Бөлім

    7

    Басқа қызметкерлер

    1