Исабекова Айнур Акжигитовна

    Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысы

    Исабекова Айнур Акжигитовна
    Руководитель управления

    Исабекова Айнур Акжигитовна

    Шымкент қаласының Әділет департаменті басшысы

    Өмірбаян

    Исабекова Айнур Акжигитовна 02.09.1981 жылы Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында мемлекеттік қауіпсіздік органдарының қызметкері мен мұғалім ата-анасының отбасында дүниеге келген.

    1998 жылы Шымкент қаласындағы №11 орта мектебін үздік бітіріп, сол жылы ҚазМЗА-ға заңгер мамандығын игеру үшін түсті. Осы жоғары оқу орнын 2002 жылы үздік оқып аяқтап, сол жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет басқармасының нотариат істері жөніндегі бас маманы лауазымына жұмысқа орналасты.

    Көрсетілген уақыттан бері әділет органдарында қызмет етіп келе жатыр. Қызмет ету мерзімінде Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінің құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету бөлімінің басшысы (2005 – 2015 жж.), жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу бөлімі басшысының міндетін атқарушысы (2007 ж.), жеке сот орындаушыларының қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы (2015-2018 жж.) болып жұмыс істеді.

    2018 жылы Шымкент қаласының Абай аудандық әділет басқармасының бөлім басшысы лауазымына тағайындалды, әрі қарай Шымкент қаласы Әділет департаментінің атқарушылық өндірісті қамтамасыз ету бөлімінің басшысы (2019-2020 жж.), осы Департаменттің әкімшілік бөлімінің басшысы (2020 ж.) болып жұмыс атқарды.

    2020 - 2024 ж.ж. Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысының орынбасары.

    2024 ж. Шымкент қаласы Әділет департаменті басшысы.

    2008-2009 жж. аралығында Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында «жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша оқып, мемлекеттік басқару магистрі атанды.

    Осы мемлекеттік органның қызметкерлері