АУДАН ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ

    1 / 2
    АУДАН ӘКІМІ ӨЗ ТАҢДАУЫН ЖАСАДЫ
    Бүгін Жетісай қаласы үшін маңызды саяси науқан – қала әкімінің сайлауы өтуде. Осыған орай Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов Жетісай қаласындағы Ғ.Мұратбаев атындағы Жетісай гуманитарлық-техникалық колледжінде орналасқан №197 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
    Аудан басшысы сайлау учаскесіндегі дауыс беру барысымен танысып, азаматтардың конституциялық құқықтарын жүзеге асыруына қажетті жағдай жасалғанына назар аударды.
    Айта кетейік, Жетісай қаласындағы 13 сайлау учаскесі сайлаушыларды қабылдауды уақытылы бастаған. Қала бойынша дауыс беруге құқығы бар 23 323 азамат тіркелген.
    Дауыс беру учаскелері азаматтарды кешкі сағат 20:00-ге дейін қабылдайды. Қала тұрғындары үшін маңызды науқанға қатысу – әр азаматтың ел болашағына деген жауапкершілігін білдіретін маңызды қадам.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары