ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ

    1 / 9
    ЖЕТІСАЙЛЫҚ ЖАСӨСПІРІМДЕР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРДІҢ ЖЕҢІМПАЗЫ
    29 қазан – 03 қараша аралығында Жетісай қаласындағы Б.Саттарханов атындағы спорт кешенінде 2012-2013 жылы туылған жасөспірімдер арасында ұлағатты ұстаз, білікті басшы, Ы.Алтынсарин медалінің иегері Бектеміров Нарзулла Амандықұлының жүлдесіне арналған бокстан Республикалық турнир өз мәресіне жетті.
    Шаршы алаңда шашасына шаң жұқтырмай, мықтылығын мойындатқан жарыс жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Еркебұлан Сейдалиев пен ауған соғысының ардагерлері, ел ағалары қатысты.
    200-ге тарта жасөспірім қатысқан тартысты турнирдің қорытындысымен жалпы командалық есепте Келес ауданының спортшылары ІІІ орынды иеленсе, Қазығұрт ауданының жасөспірімдері ІІ орынға тұрақтады. Ал, өзгелерден оқ бойы озық шығып, айла-тәсілі қарсыластарынан артық түскен жетісайлық былғары қолғап шеберлері жүлделі І орынды қанжығаларына байлап, турнирдің жеңімпазы атанды.
    Бекітілген ережеге сәйкес 15 салмақ дәрежесінде анықталған жеңімпаздар мен түрлі номинациялар бойынша үздік танылған спортшылар жарыс ұйымдастырушылардың арнайы дипломымен, медаль, кубогымен марапатталып, қаржылай жүлделеріне ие болды.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары