1 / 5
АУДАН ӘКІМІ ЧЕМПИОНДЫ ҚАБЫЛДАДЫ
Ауданда соңғы кездері тарихта даңқты ізі қалған батыр бабалардың тарихпен ұштасқан спорт түрі саналатын жекпе-жекпен шұғылданушылар саны артып, толағай табыстарға жетіп те жүр.
Түрлі деңгейдегі додаларда топ жарып, мықтылығын мойындатқан сондай спортшылардың бірі – Тазабек Баяновты аудан әкімі Серік Үсенұлы Мамытов қабылдады.
«Жекпе-жектегі жеңіс оңайлықпен келмейтіні белгілі. Үлкен рухани күш, тынымсыз дайындық, отансүйгіштік қасиеттер бір арнаға тоғысқанда ғана жоғары нәтиже болады. Жеңісті күндеріңіз көп болсын! Өздеріңіздей өр мінезді жігіттердің жеңісі – өскелең ұрпаққа өнеге болары сөзсіз» деген аудан басшысы чемпиондарды алғыс хатпен марапаттап, сый-сияпат жасады.
Бүгінде ережесіз жекпе-жектен өз салмақ дәрежесінде ел ішінде қарсылас шақ келтірмейтін Тазабек Баянов 1998 жылы Жетісай ауданына қарасты Ш.Ділдәбеков ауылдық округінің Күрішті елді мекенінде өмірге келген.
2019 жылдан бастап «СақПроТим» жаттығу залында аралас жекпе-жекпен жүйелі түрде айналысқан. 2020 жылдан бастап халықаралық түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысып, спорттық мансабын қалыптастырған. Тәжірибе жинақтаған.
Аудан басшысымен кездесуде чемпион ауданда балалар мен жасөспірімдер арасында қазақтың жекпе-жек спорт өнерін кеңінен тарату, әлемдік деңгейде мәртебесін көтеру, салауатты өмір салтын насихаттау, патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, жастар арасында нашақорлыққа қарсы дағдыны қалыптастыру мақсатында кәсіби жекпе-жек спорт мектебін ашу ниетінің де бар екенін жасырмады.
Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









