АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ

    1 / 12
    АУДАН ӘКІМІ ТҰРҒЫНДАРҒА КЕЗЕКТІ ҚАБЫЛДАУЫН ӨТКІЗДІ
    Жетісай ауданының әкімі Серік Үсенұлы Мамытов аудан тұрғындарымен кезекті жеке қабылдау өткізіп, азаматтардың талап-тілектері мен ұсыныстарын тыңдады.
    Қабылдау барысында тұрғындар өздерін толғандырған бірқатар өзекті мәселелерді көтеріп, табиғи газбен қамту, автомобиль жолдарының жай-күйі, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жұмысқа орналасу және денсаулық сақтау саласына қатысты өтініштері мен ұсыныстарын айтты.
    Әрбір тұрғынның өтінішіне мұқият назар аударған аудан басшысы көтерілген мәселелер бойынша тиісті түсіндірмелер беріп, олардың шешілу жолдарын ұсынды. Азаматтардың өтініш-тілектерінің назардан тыс қалмауы керектігін ескертіп, жауапты мекеме басшыларына әрбір мәселенің заң аясында зерделеніп, тиісті шаралардың қабылдануын тапсырды.
    Жетісай ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары