«ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

    1 / 4
    «ҚЫЗМЕТ АЛУШЫЛАР КҮНІ» ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ
    2026 жылғы 12 қарашада Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің тапсырмасына сәйкес, мемлекеттік қызметтің сервистік және клиентке бағдарланған моделін қалыптастыру мақсатында аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Тұрғын үй мәселелері бойынша көрсетілетін қызметтер» тақырыбында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді.
    Аталған іс-шараға Жетісай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің маманы Ж. Тастанбек қатысып, тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі, оның ішінде тұрғын үй кезегіне тұру жолдары бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
    Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу, тұрғын үй алу және жалдамалы тұрғын үйді пайдалану мәселелері бойынша сұрақтар қойып, маман тарапынан тиісті жауаптар алды.
    Іс-шараның басты мақсаты – мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, халықтың құқықтық сауаттылығын жетілдіру.
    Тұрғындар мен мемлекеттік органдар арасындағы ашықтықты, сенімділікті және өзара байланысты нығайтуға бағытталған мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісай ауданы әкімінің аппараты" жаңалықтары