Адам өмірінде өзіндік із қалдыратын, ел игілігі жолында атқарған еңбегімен көпшіліктің құрметіне бөленетін жандар болады. Сондай азаматтардың бірі – ұзақ жылдар бойы жауапты қызмет атқарып, кәсіби біліктілігімен, іскерлігімен және адамгершілік қасиеттерімен әріптестерінің алғысына бөленгенШығыс Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясыдепартаментініңбасшысыҚизатов Бақытбек Құрманбекұлы.
Бүгінде саналы ғұмырын еңбекке арнаған азамат зейнеткерлік демалысқа шығып отыр. Бұл – жылдар бойы атқарылған еңбектің жемісін көріп, отбасының ортасында шаттыққа бөленіп, немере-шөберенің қызығын тамашалайтын бақытты кезең.
Білікті басшы ретінде әріптестеріне бағыт-бағдар беріп, жас мамандарға ақыл-кеңесін айтып, мол тәжірибесімен бөлісе білді. Әріптестері үшін тек басшы ғана емес, тәлімгер, ақылшы әрі сыйлы азамат бола білді.
ҚұрметтіБақытбек Құрманбекұлы!
Сізді зейнеткерлік демалысқа шығуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! Ел игілігі жолында атқарған адал еңбегіңіз, кәсіби тәжірибеңіз бен ұжымға сіңірген еңбегіңіз әрдайым құрметке лайық.
Сізге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыңызға амандық пен береке, бала-шағаңыздың қызығын көруді тілейміз! Әр күніңіз қуаныш пен шаттыққа толы болып, бейнетіңіздің зейнетін көріңіз!
Еңбек жолыңыз – кейінгі ұрпаққа үлгі, ал есіміңіз әріптестеріңіздің жүрегінде құрметпен сақтала берсін!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









