Қамқоршылық кеңестің жаңа құрамын құру бойынша конкурс жариялайды

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті «Республикалық спорт колледжі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынына, «Кәркен Ахметов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне, «Шаңырақ» шағын ауданындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне, «Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы олимпиада резервінің республикалық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжі» республикалық мемлекеттік мекемесіне 2026-2029 жылдар аралығына Қамқоршылық кеңес қалыптастыру бойынша ұсыныстар қабылдайтынын хабарлайды.

    Қамқоршылық кеңес – білім беру ұйымдарының жан – жақты дамуына ықпал ететін және білім беру ұйымдарының қызметіне қоғамдық бақылауды қамтамасыз ететін алқалы басқару органы болып табылады.

    Шақырылады: жергілікті өкілді, атқарушы және құқық қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері.

    «Білім беру ұйымдарында Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастыру және оны сайлау тәртібінің үлгілік қағидаларына» (ҚР БжҒМ 27.07.17ж. №355 бұйрығы) сәйкес Қамқоршылық кеңес құрамы бойынша ұсыныстар күтеміз. Ұсыныстар хабарландыру шыққаннан кейінгі 20 күн ішінде қабылданады.

    Үміткерлер Қамқоршылық кеңесті сайлау және оның құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау туралы хабарламада көрсетілген мерзімде Комиссияға мынадай құжаттарды ұсынады:

    1) өтінім (еркін түрде);

    2) үміткердің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

    3) қазақ немесе орыс тілдеріндегі түйіндеме;

    4) білімі бар екендігі туралы құжаттың көшірмесі (бар болса);

    5) Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің аумақтық бөлімшелері берген соттылығының және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жоқтығын растайтын құжаттар.

    Үміткерлер өздерінің кәсіби (немесе) қоғамдық қызметі туралы қосымша мәліметтер ұсынады.

    Қабылдау бөлімі тел: 8 (7172) 74-13-94

    Электрондық адрес: [email protected]