«Таза Қазақстан»: игі іс – ұрпаққа өнеге

    1 / 2

    «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері Марат Камашевич, Абылсейт Ержигитович, Оразалы Мақанұлы, мекеме бастығы, мекеме бастығының орынбасарлары, жеке құрам қызметкерлері және 20 жас қызметкері №87 мектеп аумағына ағаш отырғызу бойынша игі шара өткізді.
    Шараға мектеп директоры Дина Алиевна бастаған мектеп ұжымы да қатысып, қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты.
    Іс-шараның негізгі мақсаты – табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және өскелең ұрпақтың бойында табиғатқа деген жанашырлық сезімін арттыру.
    Шара барысында қатысушылар мектеп аумағына ағаш көшеттерін отырғызып, айналаны абаттандыруға атсалысты. Ардагерлер мен жас қызметкерлердің бірлесе атқарған еңбегі ұрпақтар сабақтастығының жарқын үлгісін көрсетті.
    Мұндай игі бастамалар қоғамдағы экологиялық жауапкершілікті нығайтып қана қоймай, жастарды еңбекқорлыққа, табиғатты аялауға және туған жердің көркеюіне үлес қосуға тәрбиелейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары