20 қазан 2026 жылы 25 қазан – Республика күніне орай Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері арасында атыс даярлығы бойынша Макаров тапаншасынан ату сайысы өткізілді.
Сайыстың негізгі мақсаты – қызметкерлердің қызметтік даярлық деңгейін арттыру, атыс қаруын меңгеру шеберлігін жетілдіру, мергендік қабілетін шыңдау және ұжым арасында салауатты бәсекелестікті қалыптастыру.
Жарыс барысында департаменттің ер және әйел қызметкерлері өздерінің атыс даярлығы бойынша шеберліктерін көрсетіп, нысана көздеудегі дәлдік пен жинақылықтарын сынады.
Ерлер арасында жүлделі орындар:
І орын – әділет капитаны Елеуов Саламат Русланович – 72 ұпай;ІІ орын – әділет капитаны Ишанқұлов Нұрдәулет – 61 ұпай;ІІІ орын – әділет аға лейтенанты Самалыков Самат Муханбеткалиулы – 37 ұпай.Әйелдер арасында:
І орын – әділет подполковнигі Ахметова Асель Канашевна – 76 ұпай;ІІ орын – Утенова Айжан – 74 ұпай;ІІІ орын – Актаубаева Алия Сисембаевна – 60 ұпай.
Жарыс қорытындысы бойынша жүлдегерлерге марапаттар табысталды.
Аталған сайыс қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіруге, атыс қаруын қауіпсіз әрі шебер қолдану дағдыларын нығайтуға және қызметтік міндеттерді сапалы орындауға қажетті кәсіби қасиеттерді дамытуға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.
Қызметтік шеберлік – кәсібиліктің негізі, ал жоғары даярлық – заң мен тәртіпті қамтамасыз етудің маңызды кепілі.
Республика күніне орай қызметкерлер арасында атыс сайысы өтті
1 / 2
Ұқсас материалдар

Қазақстандық театр Пәкістандағы халықаралық театр фестивалінде «Шолпанның күнәсі» спектаклін сахналады
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Исламабадта Қазақстан Республикасының күні атап өтілді
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы ЕлшілігіАшу
7 қазанда Zoom платформасында «Қазпатент» Зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен онлайн-семинар өткізілді.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөліміАшу
Радиода сөз сөйледі
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөліміАшу
Жиһаз жасатуға тапсырыс бергендердің ақшасын иемденген: Ақтөбеде алаяқтықтың бірнеше дерегі анықталды
Ақтөбе облысының Полиция департаментіАшу
"Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары

«Заң және тәртіп»: №8 мекемесінде жас қызметкерлермен кездесу өтті
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу
№9 мекемесінің қызметкерлері сенбілік өткізді
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу
Адал қызмет – абыройлы міндет!
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу
«Таза Қазақстан»: игі іс – ұрпаққа өнеге
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу
№8 мекемесінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен жұмыс кеңесі өткізілді
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу