2026 жылғы 20 қазанда Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №8 мекемесінде «Заң және тәртіп» қағидатын іске асыру аясында жас қызметкерлермен кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараға мекеменің жас қызметкерлері және ата-аналары, қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері мен өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкері қатысты. Кездесудің негізгі мақсаты – жас қызметкерлер арасында құқық бұзушылықтардың алдын алу, қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қызметтік міндеттерді орындау барысында жоғары жауапкершілік таныту қажеттігін түсіндіру. Кездесу барысында өзіндік қауіпсіздік тобының қызметкері қызметкерлер тарапынан орын алуы мүмкін құқық бұзушылықтардың алдын алу, заң талаптарын қатаң сақтау және қызметтік әдеп нормаларын ұстану мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Өз кезегінде қылмыстық-атқару жүйесінің ардагерлері көпжылдық қызметтік тәжірибелерімен бөлісіп, жас мамандарға кәсіби адалдық, жауапкершілік, тәртіп пен адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын атап өтті. Іс-шара аясында мекеме бастығының атынан жас қызметкерлердің ата-аналарына алғыс хаттар табысталды. Бұл – балаларына саналы тәрбие беріп, бойларына адалдық пен жауапкершілік қасиеттерін сіңіріп, олардың құқық қорғау саласында қызмет етуіне қолдау көрсеткен ата-аналарға деген құрметтің белгісі. Осындай кездесулер жас қызметкерлердің кәсіби қалыптасуына ықпал етіп, аға буын мен жас ұрпақ арасындағы сабақтастықты нығайтуға, қызметтік тәртіпті арттыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған маңызды шаралардың бірі болып табылады.
«Заң және тәртіп»: №8 мекемесінде жас қызметкерлермен кездесу өтті
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Қазақстандық театр Пәкістандағы халықаралық театр фестивалінде «Шолпанның күнәсі» спектаклін сахналады
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Исламабадта Қазақстан Республикасының күні атап өтілді
Қазақстан Республикасының Пәкістан Ислам Республикасындағы ЕлшілігіАшу
7 қазанда Zoom платформасында «Қазпатент» Зияткерлік меншік институтының ұйымдастыруымен онлайн-семинар өткізілді.
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөліміАшу
Радиода сөз сөйледі
Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөліміАшу
Жиһаз жасатуға тапсырыс бергендердің ақшасын иемденген: Ақтөбеде алаяқтықтың бірнеше дерегі анықталды
Ақтөбе облысының Полиция департаментіАшу
"Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті" жаңалықтары

Республика күніне орай қызметкерлер арасында атыс сайысы өтті
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу
№9 мекемесінің қызметкерлері сенбілік өткізді
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу
Адал қызмет – абыройлы міндет!
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу
«Таза Қазақстан»: игі іс – ұрпаққа өнеге
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу
№8 мекемесінде Ұлттық ұланның әскери қызметшілерімен жұмыс кеңесі өткізілді
Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖДАшу