Жобаны ұсынып отырған Pana Asia компаниясы, ал бағдарламаны үйлестіру міндеті «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына жүктеледі.
Платформа жергілікті қолөнершілерге клиент табуға, тұрақты тапсырыстар алуға және халықаралық нарықтарға шығуға мүмкіндік береді. Қазақстанның туристік аймақтарындағы кәдесый өнімдерінің 90%-дан астамы импортқа тиесілі. Ал 2025 жылы елге 11 миллион шетелдік турист келіп, 2,9 млрд доллар жұмсаған.
SHEBER бағдарламасы қазақстандық қолөнершілерді бірыңғай ұлттық бренд аясында біріктіріп, қолдан жасалған бұйымдардың өндірісін дамытуға, сатылымын арттыруға және экспортын жолға қоюға жағдай жасауды көздейді.
SHEBER бағдарламасы қалай жұмыс істейді?
Бағдарламаның негізгі құралы цифрлық платформа болмақ. Онда сатып алушылар қолөнершілермен танысып, бұйымдардың жасалу ерекшеліктері туралы ақпарат алып, өнімдерді тікелей сатып ала алады.
Платформа қолөнершілерге өнімдерін ілгерілетуге, логистика мен өткізу арналарын ұйымдастыруға көмектеседі. Өнімдерді жеткізу «Қазпошта» бөлімшелері арқылы жүзеге асырылады деп жоспарланған. Компания өнім сапасын бақылау, қаптау және сатып алушыларға жөнелту жұмыстарын қамтамасыз етеді.
Тұрақты тапсырыстарды орындау үшін ай сайын конкурстар өткізіліп, өнімдерді алдын ала сатып алуға өтінімдер қабылданады. Сатып алушылар 1 000 данадан басталатын өнім топтамаларына алдын ала тапсырыс бере алады, ал қолөнершілерге бұл туралы платформа арқылы хабарлама жіберіледі.
Алғашқы конкурс Marwin Meloman ұйымдастыратын QOLÖNER жобасы болады. Жеңімпаздар өз өнімдерін Marwin Meloman желісінде сатуға бір жылдық келісімшарттар жасап, сондай-ақ бұйымдарын Sandyq мейрамханалары мен Pana Hotels қонақүйлерінде ұсыну мүмкіндігіне ие болады.
Жобаны дамыту жоспарлары
SHEBER бағдарламасын кезең-кезеңімен дамыту жоспарланған. Алдымен жеке цифрлық витрина іске қосылып, кейін өнімдер Қазақстанның ірі маркетплейстерінде ұсынылады және халықаралық сауда алаңдарына шығарылады.
Онлайн сатылымдармен қатар, жоба аясында дәстүрлі дүкендер желісін құру көзделген. Алғашқы сауда нүктелерін Астана және Алматы қалаларының халықаралық әуежайларында ашу жоспарланып отыр. Кейін қолөнершілердің өнімдері музейлерде, туристік орталықтарда, ұлттық парктер мен курорттарда ұсынылады.
2028 жылға қарай 150-ден 250-ге дейін өндірістік цех ашып, өнімдерді Орталық Азия елдеріне экспорттау жоспарланып отыр.
2032 жылға қарай бағдарлама аясында 1 000 экспортқа бағдарланған цех ашу, 50 мың жұмыс орнын құру және ұлттық бренд аясында кәдесый өнімдерін тарататын 10 ірі дистрибьютор қалыптастыру көзделген. Саланың жиынтық айналымын 1 млрд долларға жеткізу көзделген.
Мемлекет пен бизнестің қолдауы
Жоба Pana Asia компаниясының қолдауымен Қазақстан өңірлерінде шағын және орта бизнесті, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі мемлекеттік саясат аясында жүзеге асырылады. Бағдарламаны үйлестірумен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы айналысады.
Палата төрағасы Қанат Шарлапаев бастаманың басты мақсаты қолөнершілерді тұрақты тапсырыстармен қамтамасыз ету, олардың табысын арттыру және өнімдерін ішкі әрі сыртқы нарықтарға шығаруға көмектесу екенін атап өтті.
Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Әсел Жанасова бағдарламаның жергілікті шеберлерді қолдауға және олардың өндіріс көлемін ұлғайтуына мүмкіндік жасауға бағытталғанын айтты.
Астана үшін бұл жоба туризмді дамытуға қосымша мүмкіндіктер ашады. Ұлттық кәдесый өнімдері елорданың туристік ұсынысының бір бөлігіне айналып, Қазақстанның мәдени мұрасын кеңінен танытуға, жергілікті өндірушілерді қолдауға және қаланың өзіндік туристік брендін қалыптастыруға ықпал етеді.
Пайдалы сілтемелер:
SHEBER платформасының Instagram парақшасы: www.instagram.com
App Store арқылы жүктеу: apps.apple.com
Google Play арқылы жүктеу: play.google.com
Дереккөз: https://weproject.media/articles/detail/v-kazakhstane-planiruyut-sozdat-1000-eksportnykh-tsekhov-dlya-remeslennikov-k-2032-godu/?amp=y
Астанада Қазақстанның қолөнер саласын дамытуға бағытталған SHEBER бағдарламасы таныстырылды
1 / 5
Ұқсас материалдар

ТҮРКІСТАНДА АБАТТАНДЫРУ ТАЛАПТАРЫНЫҢ САҚТАЛУЫ ТЕКСЕРІЛДІ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ҚАЛА ЖОЛДАРЫНДАҒЫ ҚОЗҒАЛЫС ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ АРТАДЫ
Түркістан қаласы әкімінің аппаратыАшу
ЖЕҢІС ҚҰТТЫ БОЛСЫН! 🏆
"Шымкент қаласының Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты" КММАшу
ТАЗАЛЫҚ ӨЗІМІЗДЕН БАСТАЛАДЫ: ҚҰТҚАРУШЫЛАР «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫН ҚОЛДАЙДЫ
Шымкент қаласының төтенше жағдайлар департаментіАшу
ТЖМ-де қысқы кезеңдегі төтенше жағдайларға дайындық мәселелері қаралды
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіАшу
"Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары

Астанада HUB 01 алаңында бизнес пен технологияларды дамытуға арналған білім беру іс-шаралары өтуде
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
Құрметті отандастар!
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
25 қазан – Республика күні
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2026) халықаралық инвестициялық дөңгелек үстелі
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу
Елордада өнеркәсіп саласы қарқынды дамып, отандық өндіріс көлемі артып келеді
Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасыАшу