Елордада өнеркәсіп саласы қарқынды дамып, отандық өндіріс көлемі артып келеді

    1 / 10

    Соның жарқын мысалдарының бірі – № 1 индустриялық парк аумағында орналасқан YDA Industrial Park көпбейінді өндірістік кешені.

    Бүгін баспасөз туры барысында БАҚ өкілдері кәсіпорынның өндірістік мүмкіндіктерімен, заманауи технологияларымен және медициналық жабдықтардан бастап, металл конструкциялар мен модульдік ғимараттарға дейінгі өнім түрлерімен танысты.

    Кәсіпорын туралы негізгі деректер:

    ▪️ 2022 жылы пайдалануға берілді;

    ▪️ жобаға салынған инвестиция көлемі – 50 млн АҚШ доллары;

    ▪️ өндірістік кешеннің жалпы аумағы – 120 мың шаршы метр;

    ▪️ 300-ден астам жұмыс орны құрылған;

    ▪️ алты мамандандырылған өндіріс орнын біріктіреді.

    Кәсіпорында медициналық жиһаздар мен жабдықтар, кеңсе жиһазы, болат конструкциялар, модульдік ғимараттар, ПВХ және алюминий конструкциялары, сондай-ақ басқа да өнеркәсіптік өнімдер өндіріледі.

    YDA Industrial Park өнімдері Астана мен еліміздің өзге өңірлеріндегі медициналық ұйымдарда, білім беру мекемелерінде және инфрақұрылым нысандарында қолданылады. Кәсіпорын «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған білім беру мекемелерін жабдықтауға да үлес қосып келеді.

    Қазіргі уақытта компания елордада сэндвич-панельдер өндіретін жаңа зауыттың құрылысын бастады. Бұл өндірістік бағыттарды кеңейтіп, отандық өнім көлемін арттыруға мүмкіндік береді.

    Астананың өнеркәсіп саласындағы өсімі:

    2026 жылдың қаңтар–қыркүйек айларында елордада 3,1 трлн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,6%-ға жоғары.

    Өңдеу өнеркәсібінің үлесіне жалпы өнеркәсіп өндірісінің 93%-дан астамы тиесілі. Есепті кезеңде осы салада 2,9 трлн теңгенің өнімі шығарылды.

    YDA Industrial Park секілді өндірістік кәсіпорындардың дамуы елорданың өнеркәсіптік әлеуетін нығайтуға, инвестиция тартуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға және отандық өнім өндірісін кеңейтуге ықпал етеді.

    https://www.instagram.com/reel/DezPBaYsMae/?psln=MTU5aHBjN2VqazljOQ==

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары