IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2026) халықаралық инвестициялық дөңгелек үстелі

    1 / 8

    Шымкент қаласында өткен IX Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2026) халықаралық инвестициялық дөңгелек үстелі аясында жалпы құны 4,8 млрд доллар болатын құжаттарға қол қойылды.

    Іс-шараға 40-тан астам елден 500-ден астам инвестор мен бизнес өкілі қатысып, Қазақстанның инвестициялық әлеуеті мен жаңа ынтымақтастық мүмкіндіктерін талқылады.

    Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанның ұзақмерзімді инвестициялар үшін ашық екенін атап өтіп, өңдеу өнеркәсібі, агроөнеркәсіптік кешен, энергетика, IT-инфрақұрылым және жоғары технологиялық қалаларды дамыту бағыттарындағы жобаларға басымдық берілетінін айтты.

    Бүгінде елімізде шетелдік инвесторларға қолдау көрсету, инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және бизнесті жүргізуге қолайлы жағдай жасау тетіктері іске асырылуда.

    Қазақстан тәуелсіздік жылдарында жарты триллион долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартты. Еліміз Орталық Азияда шетелдік инвестицияларды ең көп тартқан мемлекет ретінде инвестициялық тартымдылығын нығайтып келеді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Астана қаласының Инвестициялар және кәсіпкерлікті дамыту басқармасы" жаңалықтары