«Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында және «Адал ұрпақ» клубының жұмыс жоспарына сәйкес 2026 жылғы 3 қарашада Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде клуб жетекшісі Утишкалиева Салтанат Кәкімқызының және клуб мүшелері – эстетикалық бағыттағы гимназияның оқушыларының қатысуымен «Ашық есік күні» акциясы өткізілді.

    Акция барысында клуб мүшелері Әділет департаментінің қызметімен және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі жұмыс бағыттарымен танысты.

    Кездесу аясында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтау, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

    Іс-шара өскелең ұрпақтың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заңға құрметпен қарауға және адалдық пен парасаттылық қағидаттарын нығайтуға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары