2026 ЖЫЛДЫҢ 9 АЙЫНДА 56 МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫСКЕРДІҢ ЕҢБЕК ҚҰҚЫҚТАРЫ ҚОРҒАЛДЫ

    2026 жылдың 9 айында мемлекеттік еңбек инспекторлары 5,7 мыңнан астам тексеру жүргізіп, оның нәтижесінде 56 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқықтары қорғалды.

    Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті қызметінің басым бағыттарының бірі жұмыскерлерге жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету және олардың алдындағы берешекті өтеу болып қала береді.

    2026 жылдың басынан бері:

    • Жүргізілген тексерулер барысында 162 кәсіпорында 571 жұмыскердің алдында жалпы сомасы 289,5 млн теңге жалақы бойынша берешек анықталды.

    • Қабылданған ден қою шараларының нәтижесінде 184 кәсіпорында 1 054 жұмыскердің алдындағы жалпы сомасы 712,1 млн теңге жалақы бойынша берешек өтелді.

    Бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторлары тиісті ден қою шараларын қабылдап, берешекті өтеу кестелерін белгілейді және олардың орындалуына бақылау жүргізеді.

    Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша 34 кәсіпорында 562 жұмыскердің алдындағы ағымдағы және мерзімі өткен жалақы бойынша берешек сақталып отыр. Оның жалпы сомасы 453,5 млн теңгені құрайды.

    Комитет азаматтардың еңбек құқықтарын қорғау, жалақының уақтылы төленуін қамтамасыз ету, қалыптасқан берешекті қысқарту және еңбек заңнамасының жаңа бұзушылықтарының алдын алу бойынша жүйелі жұмысты жалғастыруда.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Қостанай облысы бойынша мемлекеттік еңбек инспекциясы департаменті»" жаңалықтары