МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ Батыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ облыстық филиалы мамандарының қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді. Кездесудің мақсаты – АХАЖ қызметі бойынша халықаралық келісімдер мен Минск және Кишинев конвенциялары талаптарының уақтылы әрі сапалы орындалуын қамтамасыз ету. Іс-шара барысында апостиль қою, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу және заңды тұлғаларды тіркеу бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде туындайтын өзекті мәселелер талқыланды. Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өзара пікір алмасып, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру мәселелеріне назар аударды.