АҚЖАЙЫҚ АУДАНЫНДА АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫНА ТЕГІН ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТІЛДІ

    Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округінде ауыл тұрғындарына тегін құқықтық кеңес беру шарасы өткізілді. Іс-шараға адвокаттар мен жеке сот орындаушылары қатысып, тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға және өзекті мәселелерін шешуге бағытталған кеңестер берді. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған құқықтық сұрақтарын қойып, білікті мамандардан нақты әрі жан-жақты жауаптар алды. Атап айтқанда, құқықтық мәселелерді шешу жолдары, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, сондай-ақ сот актілерін орындау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай шаралар тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, құқықтық көмекке қолжетімділікті қамтамасыз етуге және азаматтардың заңды мүдделерін қорғауға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі" жаңалықтары