Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Қазақстан құрамасының өкілі Ирина Юнусметова Катардың Доха қаласында өтіп жатқан нысана көздеуден әлем чемпионатында қола жүлдегер атанды.
Қазақстандық спортшы жекелей сындағы әйелдер арасында кіші калибрлі тапаншамен 50 метрден оқ атуда үздік үштіктің қатарына енді.
Жарыс қорытындысы бойынша Ирина Юнусметова 537 ұпай еншілеп, алты серияда тиісінше 83, 95, 90, 88, 91 және 90 нәтиже көрсетті.
Алтын медальді түркиялық Шеввал Илайда Тархан (546 ұпай) алса, күміс жүлде Армения спортшысы Эльмира Карапетянға (542) бұйырды.
Айта кетейік, Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 1-14 қараша аралығында өтеді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








