Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
Қазақстандық дзюдошы Фатима Сұпығалиева Сенегалдың Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында алтын медаль жеңіп алды.
52 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Португалия өкілі София Гаспардан басым түсіп, Олимпиада тұғырының ең биік сатысына көтерілді.
Фатима бұған дейін ширек финалда Коста-Рика өкілі Химена Моралес Гамбоаны иппонмен жеңсе, жартылай финалда словакиялық Вивьен Вадовицованы қапы қалдырды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








