С. БЕРДІҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ «ҮЗДІК СПОРТ ЖУРНАЛИСІ» БАЙҚАУЫНА ӨТІНІМДЕР ҚАБЫЛДАУ БАСТАЛДЫ

    Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті қазақ спорт журналистикасының негізін қалаушы, көрнекті қаламгер Сейдахмет Бердіқұлов атындағы дәстүрлі байқауға өтінімдер қабылдау басталғанын хабарлайды.

    Байқау жыл сайын желтоқсан айының екінші жартысында үш номинация бойынша өткізіледі:

    * «Үздік спорттық телевизиялық репортаж»;
    * «Үздік спорттық жарияланым»;
    * «Үздік спорттық фоторепортаж».

    Байқауға қатысу үшін қажетті құжаттар:

    * Бір номинация бойынша қатысуға арналған еркін нысандағы өтініш;
    * Қатысушының шығармашылық қызметі туралы қысқаша мәлімет;
    * 2026 жылы эфирге шыққан немесе баспа және электронды БАҚ-та жарияланған спорт тақырыбындағы жұмыстар.

    Материалдар қағаз және электронды түрде қабылданады.

    Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар:

    * 2026 жылы өткен Олимпиада, Паралимпиада, Азия және Азия пара ойындары, әлем және Азия чемпионаттары, Әлем кубогі, халықаралық және республикалық жарыстар туралы материалдар;
    * Бұқаралық спортты, балалар мен жасөспірімдер спортын, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы жарыстарды, ұлттық және ауыл спортын насихаттайтын жарияланымдар;
    * Дене шынықтыру және спорт саласындағы өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жолдарын ұсынатын материалдар, сондай-ақ лицензиялық жарыстар туралы жарияланымдар.

    Өтінімдерді қабылдау мекенжайы:

    Астана қаласы, Мәңгілік ел көшесі, 8-үй, 6-қабат, Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің баспасөз қызметі.

    Электронды пошта: [email protected]

    Хат тақырыбында «2026 жылғы С. Бердіқұлов атындағы байқауға» деп көрсету қажет.

    Өтінімдерді қабылдаудың соңғы күні – 2026 жылғы 1 желтоқсан.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары