Әсем Орынбай әлем чемпионатында үздік бестікке еніп, Қазақстанға алғашқы Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

    Қазақстан құрамасының өкілі Әсем Орынбай Катардың Доха қаласында өтіп жатқан стенд атудан әлем чемпионатында үздік бес спортшының қатарына қосылып, Қазақстан қоржынына алғашқы Олимпиада жолдамасын салды.

    Шешуші кезеңде қазақстандық спортшы 24 нысананың 20-сын дәл көздеп, қорытынды есепте бесінші орынға тұрақтады.

    🇨🇳 1-орын - Yiting Jiang (Қытай) - 34 нысана;

    🇨🇳 2-орын - Che Yufei (Қытай) - 32 нысана;

    🇸🇰 3-орын - Monika Stibrava (Словакия).

    Айта кетейік, Әсем Орынбай - стенд атудан Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі. Оның еншісінде 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының алтын медалі, сондай-ақ 2022 жылы Осиек қаласында өткен әлем чемпионатында командалық микст сайысында жеңіп алған қола жүлдесі бар.

    Дохадағы нысана көздеу және стенд атудан әлем чемпионаты 14 қарашаға дейін жалғасады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті" жаңалықтары