Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында таеквондодан ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатының шешуші жарыс күні өтті.
Соңғы күні татами шеберлері қалған 5 салмақта сынға түсті. Осыдан кейін жалпыкомандалық есептегі үздіктер анықталды.
Атап айтқанда, ерлер арасында Мұхаммедәлі Махмұт алғаш рет ересектер санатында ел үздігі атанды. Бірнеше күн бұрын егіздердің сыңары Нұрәлі 58 кг дейінгі салмақта алтыннан алқа таққан. Бүгінгі толық жүлдегерлер мынадай:
Ерлер, -63 кг:
1. Мұхаммедәлі Махмұт (Алматы қаласы)
2. Абылайхан Мергенбай (Маңғыстау облысы)
3. Темірбай Нұрдәулет (Жамбыл облысы)
3. Азим Ниязов (Алматы қаласы)
Ерлер, -80 кг:
1. Батырхан Күсетов (Алматы қаласы)
2. Абдурахмон Марипов (Шымкент қаласы)
3. Әлішер Ғалиев (Ақтөбе облысы)
3. Әлібек Ермекбай (Ұлытау облысы)
Ерлер, -87 кг:
1. Нұрлан Мырзабаев (Түркістан облысы)
2. Мейір Нұрғазин (Алматы облысы)
3. Дарын Манасұлы (Астана қаласы)
3. Бекзат Ғазиз (Түркістан облысы)
Әйелдер, -53 кг:
1. Нодира Ахмедова (Шымкент қаласы)
2. Айдана Сүндетбай (Алматы облысы)
3. Сабина Қасымова (Алматы облысы)
3. Назмина Садыкова (Шымкент қаласы)
Әйелдер, -57 кг:
1. Жазира Иссина (Ақтөбе облысы)
2. Мария Севостьянова (Атырау облысы)
3. Тоғжан Қазнабек (Астана қаласы)
3. Альмира Қанат (Маңғыстау облысы)
Осымен 3 күнге созылған чемпионат мәресіне жетті. Барлығы ерлер мен әйелдер арасында 16 салмақта жүлде сарапқа салынды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








