Шайбалы хоккейден Оңтүстік Кореяның Чонджу қаласында өткен ерлер арасындағы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы топ жарды.
Алғашқы матчта отандастарымыз Жапония құрамасын 3:2 есебімен жеңсе, екінші ойында Қытай хоккейшілеріне еш мүмкіндік қалдырмай, 5:0 есебімен айқын басымдық танытты. Ал Оңтүстік Кореяға қарсы кездесу негізгі уақытта 0:0 есебімен аяқталып, буллиттер сериясында Қазақстан құрамасы 4:3 есебімен жеңіске жетті.
Жарыстың қорытынды нәтижесі:
🥇 1-орын - Қазақстан 🇰🇿
🥈 2-орын - Жапония 🇯🇵
🥉 3-орын - Оңтүстік Корея 🇰🇷
Айта кетейік, бұған дейін хоккейшілеріміз 2024 және 2025 жылдары да Азия чемпионы атанған болатын.
Осылайша, үш матчта да жеңіліс таппаған спортшыларымыз турнир кестесінде бірінші орынға жайғасты.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.







