9 қарашада елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде Жапонияда өткен XX жазғы Азия ойындары мен V Азия Пара ойындарының жүлдегерлеріне құрмет көрсетілді.
Қос құрлықтық додада қазақстандық жеңіл атлеттер мен параатлеттер 9 медаль (5 күміс, 4 қола) жеңіп алды.
Салтанатты жиынға ҚР Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Руслан Есеналин мен Қазақстан жеңіл атлетика федерациясының бірінші вице-президенті Алпамыс Бақытұлы қатысты.
Руслан Есеналин спортшыларды құттықтап, олардың табысына үлес қосқан жаттықтырушылардың еңбегін ерекше атап өтті. Сондай-ақ алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты жетілдірудің маңызын жеткізді.
Іс-шара барысында жүлдегерлер мен олардың бапкерлеріне сертификаттар табысталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








