Бүгін, 10 қараша күні Ақтау қалалық қоғамдық кеңесі жанындағы экономика, бюджет және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі комиссиясының отырысы өтті. Жиынға қала әкімінің орынбасарлары, тиісті бөлім басшылары мен жауапты сала өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде қаланың мемлекеттік активтерін басқару, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және жол құрылысы мен инфрақұрылымды дамыту мәселелері қаралды.
Атап айтқанда, қалалық қаржы бөлімінің мемлекеттік активтерді басқару бағытындағы есебі тыңдалды. Қала мүлкін тиімді пайдалану, оны жалға беру және жекешелендіру нәтижелері талқыланды.
Сонымен қатар, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын сақтау және халыққа қолжетімділігін қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Жәрмеңкелердің тиімділігі, өнімдерді жеткізу логистикасы және жергілікті өндірушілерді қолдау шаралары қаралды.
Бұдан бөлек, қала аумағында жол салу және жөндеу жұмыстарының жоспары мен орындалу сапасы талқыланды. Сондай-ақ қауіпсіз жаяу жүргіншілер және велосипед инфрақұрылымын дамыту мәселелеріне назар аударылды.
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты бөлім басшылары баяндама жасап, Қоғамдық кеңес мүшелерінің сауалдарына жауап берді. Жиын барысында ұсыныстар айтылып, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасу жүргізілді.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









