Құрылыс объектісін апаттық деп тану және бұзуға жатқызу туралы

    Осакаров ауданының әкімдігі

    Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Трудовое ауылы, Юбилейная көшесі, № 1 үй, 2-пәтер мекенжайында орналасқан құрылыс объектісін зерттеп-қарау материалдарын, 2026 жылғы 21 қазандағы құрылыс объектісін қарап-тексеру актісін, «QazNurtend» ЖШС-нің 2026 жылғы 19 қазандағы № QNT19/10/2026-1 сараптамалық қорытындысын, 2026 жылғы 22 қазандағы ведомствоаралық комиссияның қорытындысын қарап, Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 139-бабын, Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2026 жылғы 16 маусымдағы № 310 бұйрығымен бекітілген Құрылыс объектісінапаттықдеп тану және бұзуға немесе реконструкциялауға жатқызу қағидалары мен негіздерінің 32, 35–39-тармақтарын басшылыққа ала отырып, Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

    1. Құрылыс конструкцияларының сыни деңгейде зақымданғаны, одан әрі қауіпсіз пайдаланудың мүмкін еместігі және опырылып құлау қаупі техникалық зерттеп-қарау нәтижесінде анықталған, Қарағанды облысы, Осакаров ауданы, Трудовое ауылы, Юбилейная көшесі, № 1 үй мекенжайында орналасқан екі пәтерлі тұрғын үй авариялық деп танылсын және бұзуға жатқызылсын.

    2.Апаттықтехникалық жай-күйіне және адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіруіне байланысты аталған құрылыс объектісін одан әрі пайдалануға жол берілмейтіні белгіленсін.

    3. Объектіні апаттықдеп тануға және бұзуға жатқызуға байланысты іс-шараларды орындаудың мынадай мерзімдері мен кезеңдері айқындалсын:

    1)құрылыс объектісінің меншік иесі адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпті аймақта адамдардың болуына жол бермеу жәнеапаттыққұрылыс объектісіне рұқсатсыз кіруді шектеу жөнінде қажетті шараларды дереу қабылдасын;

    2)апаттық тұрғын үйдің орнына коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен апаттық тұрғын үйді коммуналдық меншікке беру мүмкіндігі меншік иесіне түсіндірілсін;

    3)апаттық тұрғын үй Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке берілген жағдайда, «Қарағанды облысы Осакаров ауданы Трудовое ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекеме коммуналдық меншікке өту рәсімі аяқталғаннан және онда тұратын адамдардан босатылғаннан кейін құрылыс объектісін бұзуды ұйымдастырсын;

    4)меншік иесі апаттық тұрғын үйді коммуналдық меншікке беруден бас тартқан жағдайда, құрылыс объектісін бұзу жөніндегі одан ары іс-шаралар Қазақстан Республикасы Құрылыс кодексінің 143 және 144-баптарында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша жүзеге асырылсын.

    4. Осакаров ауданы әкімінің аппараты осы қаулыны объектіні апаттық деп тану мәселесін қарау туралы хабардар етілген меншік иесіне (иелеріне) және өзге де мүдделі тұлғаларға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жолдасын.

    5. Осы қаулыға Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91–93-баптарына сәйкес белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкін.

    6. Осы қаулы Осакаров ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

    Осакаров ауданының әкімі Р. Нурмуханбетов

    Орынд: А. Сағынтаев

    87214943795

    Жүктеу
    8cf77637b2ba814779b5bd82c35cbd465d0c6a4dab463c6900e39e99d4989547_original.58880.doc
    DOC · 58 КБ
    Жүктеу
    a85e25c2999380453ba560de12f16f333ecebfb57a7047b7910ccebf42a635a8_original.17321552.pdf
    PDF · 17 МБ
    Жүктеу

    Ұқсас материалдар

    Қаулы жобасы

    ҚАУЛЫ ЖОБАСЫ 2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тарифтерін бекіту туралы

    Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексінің 142-бабына,«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, «Арнаулы әлеуметтік қызметтер...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Баспасөз-хабарлама

    «2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтерді бекіту туралы» Осакаров ауданы әкімдігінің қаулысының жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

    «2027 жылға арналған арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсетуге тарифтерді бекіту туралы»Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексінің 142-бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округінің сайланған әкімін тіркеу туралы ХАБАРЛАМА

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Осакаров ауданының аумақтық сайлау комиссиясының Қарағанды облысы Осакаров ауданы Озерный ауылдық округі әкімін сайлау бойынша дауыс беру қорытындылары туралы хабарламасы

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Хабарландыру

    Құрметті сайлаушылар! Сіздерді 2026 жылғы 8 қарашада таңғы сағат 07.00-ден кешкі 20.00-ге дейін өтетін Озерный ауылдық округі әкімінің сайлауында дауыс беруге қатысуға шақырамыз. Тіркелген мекенжайыңыз бойынша дауыс бере...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Қаулы жобасы

    Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 44/03 «Осакаров ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғын үйлердің сыртқы қабырғаларын, шатырларын қайта жаңарту, ағымдағы немесе күрделі жөндеу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу қағидаларын бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы

    Осакаров ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 1. Қарағанды облысы Осакаров ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 8 мамырдағы № 44/03 «Осакаров ауданының елді мекендеріне бірыңғай сәулеттік көрініс беруге бағытталған көппәтерлі тұрғы...

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Bugin Media

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды:
    Ақпарат

    Qazaqstan 365 Media

    Осакаров ауданының әкімдігіЖарияланды: