Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты
"Жетісу облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық-талдау, ұйымдастыру-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Жаңалықтар
АшуСЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ — БАСТЫ МІНДЕТ
Ашу"Ашық есік" күні ұйымдастырылды
АшуЖаһандық сын-қатерлер дәуіріндегі заң мен тәртіп: Цифрлық кеңістік және қауіпсіздік
АшуҚұқықтық мемлекет және әділеттілік: Сот жүйесі мен биліктің рөлі
Ашу«Заң және тәртіп» идеологиясы: Өскелең ұрпақтың санасына құқықтық мәдениетті сіңіру
АшуЭкономикалық өркендеу мен инвестициялық тартымдылықтың басты факторы — заң үстемдігі
Құжаттар
Қызылжар ауылдық округінің әкімі А.Асылханның тұрғындармен тұрақты кездесуі
2026 жылдың 29-30 қыркүйек күндері Қызылжар ауылдық округінің әкімі А.Асылханның Қызылжар, Шилісу және Желдіқара ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтті. Кездесу барысында ауыл тұрғындарына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда: 🔹 Табиғи газға қосылу мәселесі;🔹 «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары және ауылды абаттандыру және көркейту;🔹 Үй жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық талаптарды сақтау. Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Олардың көтерген мәселелері бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шешу жолдары қарастырылды.
Қызылжар ауылдық округі бойынша «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2026 жылдың ІІІ тоқсанына)
«Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, ұсынылып отырған есепте жалпы – 3 қызмет көрсетілді, оның ішінде жеке тұлға–2, заңды тұлға–1. Көрсетілетін қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны–0, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсетудің баламалы мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен қағаз түрінде көрсетілгендер саны–0, электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –3, "электрондық үкімет" арқылы www.egov.kz, www.elicense. kz–3, мемлекеттік корпорация арқылы (ХҚКО)–0. Қызметті көрсетуден бас тартылғандар 2026 жылдың ІІI тоқсаны бойынша–0. Есепті кезеңде белгіленген мерзімдерді бұза отырып көрсетілген мемлекеттік қызметтер жоқ. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы бойынша шағымдар түскен жоқ. Бақылау іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат Аудан әкімінің 2024 жылғы 12 желтоқсандағы № 87-ө н/қ өкімімен мемлекеттік органдар, ведомствалық бағынысты ұйымдар көрсететін мемлекеттік қызметтердің сапасына ішкі бақылау іс-шараларының жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілген. Есепті кезеңде бекітілген жоспарға сәйкес ашық есік күндері бақылау іс-шарасы жүргізілді. Аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен, әкімдікке қарасты бөлімдердің, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласына жауапты мамандарымен, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша 2026 жылдың ІIІ тоқсанында 4іс-шара (мемлекеттік қызмет көрсету жәрмеңкесі,ашық есік күні және тікелей эфир) ұйымдастырылды Жалпы іс-шарамен 73адам қамтылды. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендер саны – 0.
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
"Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары
"Сауда-саттықты (аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары