2026 жылдың 29-30 қыркүйек күндері Қызылжар ауылдық округінің әкімі А.Асылханның Қызылжар, Шилісу және Желдіқара ауылдарының тұрғындарымен тұрақты кездесуі өтті.
Кездесу барысында ауыл тұрғындарына қатысты бірқатар өзекті мәселелер талқыланды. Атап айтқанда:
🔹 Табиғи газға қосылу мәселесі;
🔹 «Таза Қазақстан» акциясы аясындағы тазалық жұмыстары және ауылды абаттандыру және көркейту;
🔹 Үй жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық талаптарды сақтау.
Кездесу барысында тұрғындар өздерін толғандырған мәселелерін айтып, ұсыныс-пікірлерін білдірді. Олардың көтерген мәселелері бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, шешу жолдары қарастырылды.