«Журналист – қоғам айнасы» челленджі

    1 / 2

    8 қыркүйек – Халықаралық журналистер ынтымақтастығы күніне орай «Журналист – қоғам айнасы» атты челлендж ұйымдастырылды.

    Челлендждің негізгі мақсаты – журналистика саласының қоғамдағы маңызын айқындау, ақпарат таратушылардың еңбегін насихаттау және жас ұрпақтың журналист мамандығына деген қызығушылығын арттыру.

    Шара барысында қатысушылар журналистің қоғам өміріндегі рөлі, шынайы әрі жедел ақпараттың маңызы туралы өз ойларын ортаға салып, журналистерге арналған ізгі тілектерін білдірді.

    Сонымен қатар ақпараттың халыққа дұрыс әрі нақты жеткізілуі журналистің басты жауапкершілігі екені атап өтілді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары