«Тақиялы періште» – бір туынды тарихы

    1 / 2

    Қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы Тахауи Ахтановтың «Тақиялы періште» шығармасына арналған «Бір туынды тарихы» атты әдеби-танымдық шара өткізілді.

    Шара барысында қатысушыларға «Тақиялы періште» шығармасының жазылу тарихы, мазмұны, кейіпкерлері және қазақ әдебиетіндегі орны туралы ақпарат берілді.

    Шығармадағы адамгершілік, отбасы құндылықтары, махаббат, сыйластық пен ұлттық тәрбие тақырыптары кеңінен таныстырылды. Сонымен қатар жазушының шығармашылық мұрасы мен қазақ әдебиетіне қосқан үлесі туралы мәліметтер айтылып, қатысушылардың көркем әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған танымдық жұмыс жүргізілді.

    Әдеби мұра – ұлт руханиятының асыл қазынасы. Көркем шығармалар арқылы адам бойында ізгілік, мейірім мен адамгершілік қасиеттер қалыптасады. «Тақиялы періште» – ұлттық болмыс пен рухани құндылықтарды дәріптейтін, оқырманға ой салатын туынды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары