Жетісу облысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауыл әкімінің аппараты

    «Алакөл ауданының Қабанбай ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ауылдық округі әкімінің қызметін ақпараттық-талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық кеңесші және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Қабанбай ауылдық округінің 2026 жыл ІІІ тоқсаны бойынша мемлекеттік қызметтер туралы есеп

    Қабанбай ауылдық округінің2026 жыл ІІІ тоқсаныбойынша мемлекеттік қызметтер туралы есеп 2026 жылдыңIIIтоқсанында көрсетілген мемлекеттік қызметтердің жалпы саны –18оның ішінде: Сауда-саттық (конкурстар, аукциондар): Сауда-саттықты (конкурс, аукцион) өткізуді талап етпейтін, мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 7 Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша өткізілген түсіндіру іс-шараларының саны – 11 Мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру бойынша түсіндіру іс-шараларымен қамтылған халық саны –63 Қабанбай ауылдық округі әкімі:Қ.Қ.Қабдылдаев

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қабанбай ауылдық округі бойынша 2026 жылдың 8 айы бойынша атқарылған жұмыстар

    Экономика, инфраструктура Қабанбай ауылдық округі бойынша 2026 жылдың 8 айы бойынша атқарылған жұмыстар: Қабанбай ауылында бір мезетте 80 адам жаттыға алатын спорт кешенінің құрылысы жүргізілуде, 2026 жылдың қазан айында қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Қабанбай ауылында орталық Абылайхан көшесі бойына 1,5 шақырым қашықтыққа жаяу жүргіншілер жолы мен тратуар бойына түнгі жарық шамы, демалыс орындықтары, қоқыс жәшіктері орнатылды. Қабанбай ауылына кіре берісте Ту тұғыры орнатылды. Қабанбай ауылындағы Желтоқсан көшесіне жаңадан түнгі жарық шамдары орнатылып іске қосылды; Қабанбай ауылындағы Желтоқсан көшесі бойына абаттандыру көгалдандыру мақсатында жаңадан аллея ашылды

    Жарияланды:
    Ақпарат

    2026 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есеп

    2026 жылға арналған бюджеттің атқарылуы туралы есеп Қаржы жоспары бойынша жылдық 146 603 000 тенге бюджеттің атқарылуы 8 ай бойынша 100 % игерілді. Олардың ішінде: Ауылдық округ әкімінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі қызметтер 66 627 000 теңге/. Елді мекендердің көшелерін жарықтандыру -10 118 000 теңге. Елді мекендерді санитариясын қамтамасыз ету- 2 877 000 тенге Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыру -24 275 000 теңге. Ауылдық округте автомобиль жолдарының жұмыс істеуін қамтамасыз ету 4 697 000 тенге Мемлекеттік органның күрделі шығыстары 602 000 тенге Мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспары 2026 жылғы 12 қаңтарда бекітіліп, 2 тармақты құрады. Қазіргі уақытта 32 шарт жасалды оның ішінде : - баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен - 17 шарт ; - өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден алу тәсілімен -7 шарт ; - тікелей шарт жасау арқылы бір көзден алу тәсілімен - 8 шарт;

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ауыл шаруашылығы бойыншы ақпарат

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану, ауыл тұрғындарын жеке меншік малдарының ұрлықтан қорғауға қатысты іс-шаралардың іске асырылуын бақылау: * Округ бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 6798 га егістік жерлерінің толық игерілуін және ауылшаруашылығы айналымының үлесінің арттырылуын қамтамасыз ету; * Игерілмеген ауыл шаруашылығындағы жерлерді аудандық жер қорына қайтару жұмыстарының жүргізілуін қадағалау; * Жеке меншік малдарының ұрлығының алдын-алу бойынша үш жақты келісім-шарт жасау. Қабанбай ауылдық округі бойынша барлық ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 52429 гектар оның ішінде: * Егістік жер көлемі – 7721 гектар * Жайылым жер көлемі – 39068 гектар * Шабындық жер көлемі – 4640 гектар * Өзге де жерлер – 1000 гектар Елді-мекен жерлері – 4146 гектар Конкурсқа қойылатын бос жерлер – 0 Округ бойынша мал басы: Мүйізді ірі қара мал басы – 6741 бас, оның ішінде үй шаруашылығындағы ірі қара мал басы саны – 2590 бас, шаруа қожалықтар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің ірі қара мал басы саны – 4151 бас. Ұсақ мүйізді мал басы саны (қой-ешкі) – 18190 бас. Жылқы – 9975 бас, оның ішінде үй шаруашылығындағы жылқының саны – 805 бас, шаруа қожалықтар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жылқы саны – 9170 бас. Шошқа – 241 бас. Қабанбай ауылдық округі бойынша 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестік және 47 жеке шаруа қожалықтар тіркелген.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Салық бойыншы ақпарат

    Округбойынша 2026 жылдың алғашқы 8 айындасалынғансалықбойыншы атқарылған жұмыстар туралы: Заңды тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық 785 104 теңгеге жеткізілді; Жеке табыс салығы 74 403 927теңгеге жеткізілді; Жеке тұлғалардан алынатын жер салығы 203 000теңгеге жеткізілді; Жеке тұлғалардың көлiк құралдарына салынатын салық 36 636 731теңгеге жеткізілді; Жер учаскесін пайдаланғаны үшін төлем түсімі 1 473 766 теңгеге орындалды Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық 722 580 теңге Сыртқы /көрнекі/ жарнамаға салынатын салық 190 312 теңге Біріңғай жер салығы 262 911 теңгені құрайды.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Әлеуметтік сала бойынша ақпарат

    Қабанбай ауылдық округінің 2025 жылғыәлеуметтік сала бойынша Ақпарат Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті жыл басынан бері 161 адамы бар 30 отбасы өтініш білдіріп, ай сайынғы жәрдемақы алды. Төленген қаржы16 млн 404 мың 658 теңгені құрады. АӘК алушылардың ішінен еңбекке жарамды 3 адам тұрақты жұмысқа орналастырылды. Мемлекеттік мекемеде жұмыс істейтін азаматтарға коммуналдық төлемақы алуға құжаттарын қабылдап және «Алакөл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне» өткізіліп, әлеуметтік сала қызметкерлеріне коммуналдық төлемге 333 адамның құжаттары қабылданып,6 млн 547 мың теңге қаражат төленді. 2025 жылы ҚР еңбек нарығын дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының орындалуы туралы. 1.Мемлекеттік грант жоспар бойынша – 1, орындалғаны – 2 2.«Күміс жоба» жоспар бойынша – 10, орындалғаны – 4 3.Әлеуметтік жұмыс орны жоспар – 4, орындалғаны – 3 4.«Жастар практикасы» жоспар бойынша – 10, орындалғаны – 8 5.Алғашқы жұмыс орны жоспар бойынша – 5, орындалғаны – 3 Қабанбай ауылдық округінде 25 жалғыз басты қарттар тұрады, бұл кісілерге 3-адам бекітіліп үйлеріне әлеуметтік көмек көрсетуде. Округ бойынша он бес мүмкіншілігі шектеулі балалар бар.Ол балаларға 2 әлеуметтік қызметкерлер бөлініп қызмет көрсетуде. 2025 жылы округ бойынша туберкулез ауруының белсенді түрімен 1 адам тіркеуде тұрды. Туберкулез ауруының белсенді емес түрімен 10 адам тіркеуде тұрып 7 науқасқа мемлекет тарапынан әр ай сайын ақшалай көмек көрсетілуде. Округ бойынша көрсетілген қайырымдылық көмек жайында айтып өтсек, жыл басынан көрсетілген көмек 100 адамға 950 мың теңге.

    Жарияланды: