Қабанбай ауылдық мәдениет үйінде Жетісу өңірінен шыққан жеті ақынның басын қосқан тағылымы мол әдеби-сазды кеш өтті.
Руханият пен жыр әлемін тоғыстырған кеште сөз өнерінің саңлақтары жүрекжарды жырларын оқып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Ақындарға әдебиет пен мәдениетті дамытуға қосқан үлестері үшін аудан әкімінің Алғыс хаттары табысталды.
Кеш барысында Қабанбай ауылдық мәдениет үйі мен Балалар шығармашылық орталығының өнерпаздары әсем әндерімен, мың бұралған билерімен және сан түрлі өнерлерімен кештің көркін аша түсті.
Жеті ақынның жырымен өрілген, жеті өзеннің үніндей жарасым тапқан бұл кездесу туған өлкенің рухани байлығын дәріптеп, поэзияға деген құрметті арттырған ерекше мәдени шара болды.
Жыр сүйер қауымға рухани нәр сыйлаған ақындарға, қадірлі қонақтарға шынайы алғысымызды білдіреміз!
Жыр бар жерде – жүрек бар, өнер бар жерде – өмір бар!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









