Қызылордадағы «Өнер орталығында» 25 қазан – Республика күніне арналған мерекелік салтанатты шара өтті. Оған облыс әкімі Мұрат Ергешбаев, құқық қорғау органдарының бірінші басшылары, Қазақстан Халық Кеңесінің мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен ел ағалары қатысты.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында Тәуелсіздік құндылығы туралы, саяси жаңғыру, цифрландыру, әлеуметтік саланы жетілдіру және экономиканы, адами капиталды дамыту бағытындағы міндеттерді, ұлттық бірлікті нығайту, заң мен тәртіпті сақтау, отаншылдық пен еңбекқорлықты дәріптеудің маңызын атап өтті.
Аймақ басшысы жиналған жұртшылықты Республика күнімен құттықтап, өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жетістіктерге тоқталды.
«Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы «Тәуелсіздік – бәрінен қымбат құндылығымыз. Оны сақтап, нығайта түсу – баршамызға ортақ қасиетті борыш» екенін айтты. Биыл еліміздің ең қастерлі құндылығы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің жарияланғанына 35 жыл толуда. Тәуелсіздік – халқымыздың ғасырлар бойғы арманы, азаттық жолындағы күресінің жемісі, елдігіміздің берік тұғыры.
Тәуелсіздік жылдарында қол жеткізген әрбір табысымыз – халқымыздың бірлігі мен ерен еңбегінің жемісі. Халқымыз «Еңбегіне қарай – құрмет, жасына қарай – ізет» – дейді. Біздің де басты ұстанымымыз – аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық, рухани-мәдени, қоғамдық-саяси дамуы жолында аянбай қызмет етіп жүрген азаматтардың еңбегін лайықты бағалау. Ұлттық мереке қарсаңында Мемлекет басшымыздың Жарлығына сәйкес ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарымызды арнайы марапаттап, құрмет көрсету – біздің парызымыз», – деді Мұрат Нәлқожаұлы.
Жиында аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан азаматтар «Парасат», «Құрмет», ІІІ дәрежелі «Еңбек даңқы» ордендерімен, «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» медальдарымен және Қызылорда облысының Құрмет грамотасымен марапатталды.
Бүгінгі мерейлі күнді аймақ тұрғындары толайым табыстармен, жарқын жетістіктермен қарсы алды. Жерлестеріміздің Мемлекет басшысының бастамасымен Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз әрі Таза Қазақстанды құру жолындағы адал еңбегі лайықты бағасын иеленіп келеді.
Айта кету керек, 2022 жылдан бері облыс экономикасына 2,5 трлн теңгеге жуық инвестиция тартылды. Алдағы үш жылда 48 инвестициялық жобаны жүзеге асырып, 10 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарланған.
Ұлттық мереке қарсаңында Қызылорда қаласында «Orda Power» серіктестігінің күн электр станциясының, «Terra Green» компаниясының заманауи жылыжай кешенінің құрылысы басталды. Бүгін екі тұрғын үйдің 160 пәтері иелеріне табысталды.
Соңғы төрт жылда өңірде 270-тен астам әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін «Қызылорда Арена» спорт кешені мен 300 орындық көпбейінді аурухананы іске қосу жоспарланған.
Республика күні: Ерен еңбекке – елеулі құрмет
1 / 23
Ұқсас материалдар

МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨККЕ КӨТЕРІЛДІ
Байзақ ауданының әкімдігіАшу
Қазақстанда оқушылардың кітап оқу мәдениетін дамыту мүмкіндіктері кеңейіп келеді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
«ТАРИХҚА ТАҒЗЫМ-ҰРПАҚҚА АМАНАТ» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА 500-ГЕ ЖУЫҚ АДАМ СЕНБІЛІККЕ ШЫҚТЫ
Темір ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
Зейнетақы төлемдерінің 2027 жылғы өсімі туралы бейнематериал жарияланды
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша ДепартаментіАшу
Оқу-ағарту министрі БҰҰ Бас хатшысының арнайы өкілімен кездесті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
"Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары

Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
Қызылордада ат бәйгесі өтті
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Алтын күз – 2026»: 1200 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Сұлу сырдан сазды сәлем»: Бейжің аспанында қазақ әні қалықтады
Қызылорда облысының әкімдігіАшу
«Алтын күз – 2026»: Ел ырысын еселеген дала еңбеккерлеріне құрмет көрсетілді
Қызылорда облысының әкімдігіАшу