Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмаларын іске асыру аясында Республика күніне орай елімізде 10 жаңа білім беру нысаны ашылды. Жаңа мектептер, балабақшалар, оқушылар сарайлары мен инновациялық оқу орталығы еліміздің төрт облысында, сондай-ақ Астана мен Алматы қалаларында пайдалануға берілді.
Астанада 1 500 орынға арналған екі жаңа оқушылар сарайы ашылды. Алматыда 880 орындық үш балабақша пайдалануға берілді. Жаңа нысандар мектепке дейінгі және қосымша білім беру мүмкіндіктерін кеңейтіп, балалардың жан-жақты дамуына заманауи жағдай жасайды.
Шығыс Қазақстан облысының Қыстау-Күршім ауылында 50 орындық мектеп ашылды. Жетісу облысында Талдықорған қаласында 300 орындық мамандандырылған «Білім-инновация» лицей-интернатының жаңа ғимараты және Көксай ауылында 60 орындық мектеп пайдалануға берілді. Ұлытау облысының Қаражал қаласында 80 орындық №5 мектептің жаңа ғимараты ашылды.
Ақтөбеде 300 орындық Aqtobe IT Hub инновациялық оқу орталығы ашылды. Мұнда жасанды интеллект, робототехника, 3D-модельдеу, бағдарламалау және цифрлық медиа бағыттары бойынша білім алуға жағдай жасалған.
2019 жылдан бері Қазақстанда 1,1 млн оқушы орнына арналған 1 342 мектеп салынды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес білім беру инфрақұрылымын дамыту, оқушы орындарының тапшылығын азайту, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешу, сондай-ақ балаларға қауіпсіз әрі қолайлы жағдай жасау бағытындағы жүйелі жұмыстар жалғасуда.
Республика күніне орай Қазақстанда 10 жаңа білім беру нысаны ашылды
1 / 20
Ұқсас материалдар

Азиатские Пара игры: команда Казахстана — бронзовый призёр по пара пауэрлифтингу
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
Абай облысында «Ұлылар елі» республикалық патриоттық әндер байқауы өтті
Абай облысының әкімдігіАшу
Қазақстан пара велоспорттан Азия Пара ойындарында тағы екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алды
Спорт және дене шынықтыру істері комитетіАшу
ӘУЕЗОВ АУДАНЫНДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ АРНАЛҒАН САЛТАНАТТЫ КОНЦЕРТ ӨТТІ
Әуезов ауданы әкімінің аппаратыАшу
Ұлттық экономика министрлігі қызметкерлері Республика күніне орай марапатталды
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіАшу
"Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" жаңалықтары

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күніне арналған салтанатты жиында сөз сөйледі
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Астанада «Келешек мектептері» оқушылары арасында тоғызқұмалақтан «KELESHEK CUP» турнирі өтті
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Насымжан Оспанова Астана қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы болып тағайындалды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстан колледждерінің үздік 100 студенті анықталды
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу
Қазақстандық оқушылар АҚШ-та өткен дрон спорты бойынша екі халықаралық жарыста үздік бестікке енді
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігіАшу