Байсын ауылында «Ерікті ел – Қазақстан» атты салтанатты кеш өтті

    1 / 6

    25 қазан – Республика күні мерекесіне орай, «ART уақыт» жобасы аясында «Ерікті ел – Қазақстан» атты салтанатты кеш ұйымдастырылды.

    Мерекелік шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранымен ашылды.

    Жаңатұрмыс ауылдық округінің әкімі Е.Бердібаев жиналған қауымды мерекемен құттықтап, елге тыныштық, халыққа амандық, әр шаңыраққа бақ-береке тіледі.

    Сонымен қатар, ауылымыздың өркендеуіне өз үлестерін қосып жүрген сала қызметкерлеріне алғысын білдіріп, бірқатар азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады.

    Кеш барысында Байсын ауылдық мәдениет үйі жанындағы үйірме мүшелері әсем ән шырқап, мың бұрала би билеп, көрермендерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. Өнерпаздардың өнері көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, зор қошеметке ие болды.

    Республика күні – елдігімізді дәріптеп, бірлігімізді бекемдейтін айтулы мереке. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, Қазақстанымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысы Шиелі ауданы Жаңатұрмыс ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары