Қызылордада мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды

    1 / 7

    Қызылордада Қазақстан Республикасы мәслихаттары депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс беру басталды.
    Сыр өңірінде 501 994 дауыс беруші тізімге енгізілген. Тұрғындар таңғы 07:00-ден кешкі 20:00-ге дейін тіркелген мекенжайы бойынша белгіленген сайлау учаскесінде өз таңдауын жасай алады.
    Облыс бойынша 531 сайлау комиссиясы жұмыс істейді. Оның 9-ы - аумақтық, 386-сы - учаскелік, 136-сы - округтік сайлау комиссиясы.
    Азаматтардың учаскесін анықтауға арналған 196 онлайн сервис іске қосылған. Сондай-ақ, уақытша тіркеу қызметімен айналысатын 5 учаске бар.
    Қимыл-қозғалысы қиын мүгедектігі бар азаматтарды тасымалдау үшін 67 инватакси, 45 сурдоаудармашы ымдау тілі қызмет көрсетеді.
    Айта кетейік, азаматтардың дауыс беру учаскесін нақтылау мақсатында Call-орталық (109) және «Өзіңді сайлаушылар тізімінен тексер» сервисі (saylau.orda.gov.kz/ru) жұмыс істейді.
    Әр азамат жеке сәйкестендіру нөмірін теру арқылы қай сайлау учаскесінде тіркелгенін және сол учаскесінің қай мекенжайда орналасқанын картадан онлайн көре алады.
    Сонымен қатар, telegram-бот (saylaukzo_Bot) және «Smart Qyzylorda» мобильді қосымшасы арқылы тексеру мүмкіндігі қарастырылған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қызылорда облысының әкімдігі" жаңалықтары