1 / 4
Ұлы Отан соғысының ардагері Яхия Тасыров Сырдария ауданы Тереңөзек кентіндегі №155 сайлау учаскесіне келіп, барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді.
Ғасырдан асқан ғұмырында талай тарихи кезеңнің куәсі болған майдангер маңызды саяси науқанда азаматтық белсенділіктің жарқын үлгісін көрсетті.
-Бүгінгі сайлау - бірлігімізді танытатын шақ, ұрпағымыздың жарқын болашағы жолындағы маңызды қадам. Егемендігіміз мәңгі, Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!, – деп ақ батасын берді.
Айта кетейік, 105 жастағы Яхия Тасыров – Қызылорда облысындағы Ұлы Отан соғысының жалғыз ардагері.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








