«МЕНІҢ ШАҒЫН ОТАНЫМ» – ТАРИХИ ТАНЫМ МЕН ЗЕРТТЕУГЕ ЖОЛ
⚜️ Жас тарихшылардың «Менің шағын Отаным» республикалық интеллектуалдық конкурсының облыстық кезеңінде Сырым ауданының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.
⚜️ 2026 жылғы 15 қазанда Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің базасында конкурстың аудандық кезеңі өткізіліп, оның қорытындысы бойынша облыстық кезеңге жолдама алған үш оқушымыз білімдері мен зерттеушілік қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
⚜️ Облыстық кезеңнің нәтижелері:
↘️ «Өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясы бойынша
ІІІ орын – Аралтөбе жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы А. Дабылова (жетекшісі – Қ. Арыстанов).
↘️ «Бір жәдігер – бір тарих» номинациясы бойынша
Алғыс хат – Сырым мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің 9-сынып оқушысы Ә. Төлегенов (жетекшісі – Н. Қайдаров).
↘️ «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» номинациясы бойынша
ІІ орын – Қ.Мырзалиев атындағы орта мектептің 10-сынып оқушысы А. Ескали (жетекшісі – М. Арыстанов).
⚜️ Жас зерттеушілердің жетістігі – жүйелі ізденіс пен сапалы білімнің нәтижесі!
⚜️ Облыстық кезеңде жақсы нәтиже көрсеткен оқушыларымызды, жүлдегерлер мен қатысушыларды және олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз!
⚜️ Жас тарихшыларымызға шығармашылық шабыт, толағай табыс, жаңа белестер мен биік жетістіктер тілейміз! Туған өлкенің тарихын зерттеп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






