«БАСТАУЫШ СЫНЫП ШЕБЕРІ» ОЛИМПИАДАСЫ

    «БАСТАУЫШ СЫНЫП ШЕБЕРІ» ОЛИМПИАДАСЫ

    «БАСТАУЫШ СЫНЫП ШЕБЕРІ» ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ АУДАНДЫҚ КЕЗЕҢІ ӨТТІ!
    Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған облыстық «Бастауыш сынып шебері» олимпиадасының аудандық кезеңі жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өз мәресіне жетті.
    Олимпиаданың негізгі мақсаты – бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік, әдістемелік және цифрлық құзыреттіліктерін, педагогикалық ойлауын, шығармашылық әлеуетін және заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану шеберлігін анықтау әрі дамыту.
    Білім мен біліктілікті, шығармашылық пен жаңашылдықты тоғыстырған сайысқа 13 педагог қатысып, үш тур бойынша бақ сынады.
    🔹 І тур – «Педагогикалық IQ» тесті. Қатысушылар бастауыш сыныптың негізгі пәндері бойынша 40 сұраққа жауап беріп, пәндік білімдері мен кәсіби даярлықтарын көрсетті. Әр дұрыс жауап 1 балмен бағаланып, ең жоғары ұпай – 40 балды құрады.
    🔹 ІІ тур – «AI + Бастауыш мұғалімі». Бұл кезеңде мұғалімдердің жасанды интеллект құралдарын педагогикалық мақсатта тиімді, шығармашылықпен және орынды пайдалану қабілеттері бағаланды.
    🔹 ІІІ тур – «Шебер сабақ». Қатысушылар қысқа уақыт ішінде оқу мақсатына бағытталған тиімді сабақ фрагментін ұйымдастыру шеберліктерін танытты.
    Олимпиада қорытындысы бойынша жүлдегерлер мен үздік аталым иелері анықталды:
    🥇 І орын – Қоқымова Қаламқас Ұзақбайқызы, Қ. Мырзалиев атындағы ЖОББМ.
    🥈 ІІ орын – Кайрова Арайлым Жеткіншекқызы, Көгеріс НОМ.
    🥉 ІІІ орын – Уалиахметова Шнар Жасулановна, Жамбыл НОМ.
    🌟 *Арнайы аталым иелері:*
    🏅 «Үздік педагогикалық идея» – Абдрахманова Айгерім Абатқызы, Жырақұдық ЖОББМ.
    🏅 «Үздік AI-шешім» – Ахметова Жанаргуль Саконовна, Талдыбұлақ МББК.
    🏅 «Үздік сабақ фрагменті» – Ибрашева Айгерим Айдыновна, Бұлдырты ЖОББМ.
    Олимпиадаға қатысқан өзге де педагогтерге сертификаттар табысталды.
    Облыстық кезеңге жолдама алған Қоқымова Қаламқас Ұзақбайқызын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы сайыста сәттілік, жоғары нәтиже және кәсіби жеңіс тілейміз!
    Олимпиаданың әділ әрі жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан қазылар алқасының мүшелеріне шынайы алғысымызды білдіреміз!
    Осындай кәсіби сайыстар ұстаздардың тәжірибе алмасуына, шығармашылық ізденісіне және педагогикалық шеберліктерін шыңдауына жол ашады. Білімді ұрпақ тәрбиелеу жолындағы еңбектеріңіз жемісті болсын, құрметті ұстаздар!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Сырым ауданының білім беру бөлімі» ММ" жаңалықтары