САЙЛАУ УЧАСКЕЛЕРІНІҢ ҚАУІПСІЗДІГІ ТЕКСЕРІЛДІ

    1 / 2

    Теректі ауданында сайлау қарсаңында дауыс беру учаскелерінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігі тексерілді.

    Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері сайлау учаскелерін аралап, ғимараттардың өрт қауіпсіздігі жағдайына назар аударды.

    Атап айтқанда, өрт сөндіру құралдарының жарамдылығы, эвакуациялық шығу жолдарының қолжетімділігі және қауіпсіздік талаптарының сақталуы қаралды.

    Мұндай профилактикалық шаралардың негізгі мақсаты – дауыс беру кезінде азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайлардың алдын алу.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Теректі ауданы әкімдігі" жаңалықтары