2026 жылғы 11 қарашада Шұғылбай ауылдық округіне қарасты Шұғылбай ауылында 2026 жылдың екінші жартыжылдығының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған есептік кездесу өтті.

    1 / 5

    Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 2022 жылғы 3 наурыздағы «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» №826 Жарлығына сәйкес, Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаев Шұғылбай ауылдық округінің тұрғындарымен кездесу өткізді.
    Жиын барысында ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Меруерт Өмірханқызы 2026 жылдың 9 айында атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алдағы жоспарларымен таныстырды.
    Өз кезегінде Нұрбек Тұрсынқанұлы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму нәтижелері мен алдағы басым міндеттерге тоқталып, ауылдық елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы ақпарат берді.

    Кездесу барысында тұрғындар ауылдық округтегі суармалы жерлердің көлемін ұлғайту және медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселелерін көтерді.

    Көтерілген мәселелер бойынша тұрғындардың пікірлері тыңдалып, тиісті түсініктемелер берілді. Сондай-ақ жауапты сала басшыларына аталған мәселелерді жан-жақты зерделеп, шешу жолдарын қарастыру тапсырылды.

    Ауыл тұрғындарының әл-ауқатын арттыру, ауыл шаруашылығын дамыту және сапалы медициналық қызметтің қолжетімділігін қамтамасыз ету – басты назарымыздағы міндеттер.

    Халықпен тікелей байланыс орнатып, өзекті мәселелерді бірлесе шешу бағытындағы жұмыстарды алдағы уақытта да жалғастырамыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Көкпекті ауданының әкімдігі" жаңалықтары